{metadescription}
Колонияға ұялы телефон өткізбек болған – Тараз
Колонияға ұялы телефон өткізбек болған – Тараз

Колонияға ұялы телефон өткізбек болған – Тараз

Тараздағы 158/7 колониясына ұялы телефон өткізбек болғандар ұсталды. Әккі айлакерлер бір дегенде 85 байланыс құралын түрменің ішіне кіргізбек болған. Алайда пысықайлардың бұл жоспары жүзеге аспады.

Сотталушылар сырттағы адамдармен байланысып, неше түрлі тәсілмен өзіне керегін алдыратыны жасырын емес. Ал пысықайлардың осы жолғы қулығы талайды көрген колония қызметкерлерін де аң-таң қылды. Фольгаға жеке-жеке мұқият оралған смартфондар ағаштың арасына жасырылған. Тек телефон ғана емес, 11 сим карта, 18 құлаққап және 21 қуаттағыш қалың тақтайлардың арасынан алынды. Бұл түрмеде ағаш кесетін цех бар екен. 25 жастағы жігіт соны желеу етіп, байланыс құралдарына толы тақтайларды өткіземін деп сенген. Енді рұқсат етілмеген заттады тасымалдаған азамат заң алдында жауап бермек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде