{metadescription}
Қырғыз-тәжік шекарасында атыс-шабыстың тоқтайтын түрі жоқ
Қырғыз-тәжік шекарасында атыс-шабыстың тоқтайтын түрі жоқ

Қырғыз-тәжік шекарасында атыс-шабыстың тоқтайтын түрі жоқ

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыста 23 адам оққа ұшқан. 200-ден астамы ауыр жараланды. Су қоймасы үшін басталған қантөгісті дереу тоқтату жөнінде мемлекет басшылары келісімге келгенімен, атыс-шабыстың тоқтайтын түрі жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдары шекараға әскери техникалардың шоғырланып жатқан кадрларын таратуда.       

Қарулы қақтығыста қаза тапқандардың 13-і – Қырғызстан азаматы. Ал тәжіктер тарапы 10 адамынан айырылған. Жаралылардың да көбі қырғыз. 134 адам атыс аймағынан ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың бірен-сараңы ғана әскерилер. Қалғаны сол маңайдағы ауылдардың тұрғындары.

Шекарадағы текетірестің қантөгіске ұласқанына қарамастан, қырғыздардың да, тәжіктердің де тоқтайтын түрі жоқ.

Ресми мәліметтерге сәйкес, екі елдің басшылары атысты доғаруға келіскен. Бірақ шекарадағы жағдай бұдан өзгере қоймады. Керісінше, екі тарап та әскери техниканы көбейтіп жатыр. Қырғыздардың бос қалған үйлерін тәжіктердің қасақана өртеп жатқан кадрлері де әлеуметтік желіде тарады. Қақтығыс қызған аймақтардан 1200 адам қауіпсіз жерге көшірілді, араларында балалар да бар. 

Эвакуация кезінде халықты тасыған қоғамдық көліктердің біріне шабуыл жасалған дейді қырғыз баспалары. Шекарадағы шиеленістің қантөгіске ұласқанына Қазақстан президенті алаңдап отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев тараптарды келіссөз бастап, мәселені бейбіт жолмен шешуге шақырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде