{metadescription}
Қазақстанға келген туристерге міндетті жарна енгізіледі
Қазақстанға келген туристерге міндетті жарна енгізіледі

Қазақстанға келген туристерге міндетті жарна енгізіледі

2022 жылдан бастап Қазақстанға келген туристерге міндетті жарна енгізіледі. Оның үстіне еліміздегі саяхатқа шыққан әрбір шетелдікке мемлекет туристік операторларға субсидия қарастырмақ. Тиісті заңға президент қол қойды.

Заң жобасымен әр өңірде шетелдік туристтерге енгізілетін жарнаның мөлшерін жергілікті мәслихат бекітеді. Негізінен ішкі туризмді реттейтін заң жобасының екі кодексіне өзгеріс енгізілген. Енді елімізде кәсіпкерлер туризм нысанын салса, шетелдік саяхатшыларға арналған автокөлік алса, тау-шаңғы курортына жабдықтар орнатса, шығынының жартысы өтеледі. Оған қоса санитария-гигиена желілерді орнатуға жұмсалған қаржы да мемлекет тарапынан субсидияланады. Шенеуніктер осының бәрін қамтыған заң жобасы отандық туризмге серпін беретініне сенімді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.