{metadescription}
Кептелістен көз ашпаған «Алтын орда» жолы қашан аяқталады?  
Кептелістен көз ашпаған «Алтын орда» жолы қашан аяқталады?  

Кептелістен көз ашпаған «Алтын орда» жолы қашан аяқталады?  

«Алтын орда» жолы алдағы алты айда аяқталады. Кептелістен көз ашпайтын әйгілі базар маңындағы құрылыс басына келген «Қазавтожолдың» жаңа басшысы халыққа осылай уәде берді. Жауапты мекеме өкілдері 2017 жылы басталған жолайырық құрылысының созылып кетуіне жол бойындағы нысандардың уақытында сүрілмеуі және пандемия себеп екенін айтады.

Ең сорақысы, мердігер компания өзіне жүктелген міндеттерді орындамаған. Ал бақандай 12 миллиард теңге бөлінген ауқымды жобаның қалған жұмысын жаңадан келісімшартқа отырған компания атқармақ.

Кептелістен көз ашпаған «Алтын орда» базары маңындағы көрініс баяғы таз қалпынан түк өзгермеген. Қала мен облыс тоғысқан жерде 2017 жылы басталған жолайырық алғашында екі жылдан соң аяқталуы тиіс еді. Тіпті жауапты мекеме өкілдерінің ауқымды жобаны 2020 жылы тиянақты етеміз деген уәдесі де сұйылып кетті. Шабан жүрісті құрылыс әлі жалғасып жатыр.  Ал әрі-бері кептеліске қамалған халық жол азабынан қажығанын айтады.

Болат Қобыландин:

- Күнде осы кептеліс.

- Шаршадыңыз ба?

- Шаршамағанда?! бір сағат болды тұрғанымызға. Қашан бітеді бұл?! Балық басынан шіриді дейді, жемқорлық қой баяғы. Не қоймайды, не тоймайды. Халықты ойлап жатқан ешқайсы жоқ. Бәрінің өз мүддесі бар, отырған әкім, министр. Тоқтату керек қой бұл сұмдықты!

Александр Коряков:

- Абай ауылында тұрамын. Іргемізге тиіп тұрған Халыққа қызмет көрсету орталығына келе жатырмын. Жаяу жүрсем, үш мәрте барып келетіндей уақыт. Көлікпен шыққанымызға өкініп отырмыз. Кептелісте тұрамыз деп уақыт жоғалттық.

«Қазватожол» өкілдерінің айтуынша, «Алтын орда» жолының созбаққа салынуына кедергі келтірген нысандардың уақтылы бұзылмауы және пандемия себеп. Алайда аузын қу шөппен сүрткісі келмеген мамандар ірі сауда және ойын-сауық орталығының жанындағы айналма көпір алдағы мамыр айында аяқталады дейді. Жолайырықтағы 600 метрлік эстакаданың 80 метрі салынып біткен көрінеді. Ең қызығы, «Қазавтожол» тарапы негізгі мердігер міндеттерін толық орындамағанын мойындады. Сол себепті кінәлі  компаниямен арадағы келісімшарт тоқтатылыпты.    

Асқар Маратұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

- Шұғыл түрде жаңадан тендер рәсімдерінің бәрін өткізіп, «СиноМиноСтрой» деген мекемемен қол қойдық. Бүгін соларға алдын ала төлем төлеп, содан соң керекті материалдардың бәрін жабдықтап, құрылыс бастаймыз. Биыл қазан айында жоспар бойынша толық іске қосылады.   

Жұртты әбігерге салған «Алтын орда» жолының құрылысына 12 миллиард теңге бөлінген. Осыған дейін қомақты қаражаттың жартысы игеріліпті. Өкінішке қарай белгіленген жұмыстың 40 пайызы ғана атқарылған. Ал жүргізуші мен жолаушылар бес жылға созылған құрылыс  алдағы алты ай ішінде аяқталады дегенге сенбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде