{metadescription}
Жамбыл облысында жоғалған келіншектің денесі өзеннен табылды
Жамбыл облысында жоғалған келіншектің денесі өзеннен табылды

Жамбыл облысында жоғалған келіншектің денесі өзеннен табылды

Жамбыл облысында екі жарым ай бұрын жоғалып кеткен келіншектің өлі денесі табылды. Үйінен Алматыға қарай шығып, сол күйі оралмаған.  23 жастағы Шу ауданы тұрғынының өлі денесін Ақсу өзенінен алып шықты.  

Қанат Дүмшебаев, Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының бастығы:

- Тергеуде анықталғандай, күдікті жәбірленушіге дене жарақатын салып, қылмысты жасыру мақсатында мәйітті Шу ауданындағы Ақсу өзеніне тастаған. Мәйітті туыстары таныды.  

Гүлдана Санақбайды өлтірген күдікті де ұсталып, қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынған. Бірақ полицейлер оның кім екенін айтпады. Тек жасы 27-де екені белгілі. Ал жоғалған келіншектің туыстары о баста оны бұрынғы күйеуі ұрлап әкетті деп күдіктенген. Ол азамат дәл сол жастағы жігіт. Соған қарағанда марқұмның жақындарының сезігі расталған.  Өлтірген де сол болуы ықтимал.

23 жастағы жергілікті тұрғын 11 ақпан күні жоғалып кеткен. Сол күннен бері еш хабар болмаған. Кейін із-түзсіз кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қомайсынан іздейміз деген өтенше жағдайлар қызметінің өкілі батып кеткен еді. 50 жастағы құтқарушының денесі әлі күнге табылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.