{metadescription}
Ұшақ апаты: Талғар ауданының экс-шенеуніктері 6 жылға сотталуы мүмкін
Ұшақ апаты: Талғар ауданының экс-шенеуніктері 6 жылға сотталуы мүмкін

Ұшақ апаты: Талғар ауданының экс-шенеуніктері 6 жылға сотталуы мүмкін

«Айыпты жазасын арқаласын». Алматы әуежайының жанындағы жерді саудаға салған Талғар ауданының бұрынғы бес шенеунігі мен бір риелторға мемлекеттік айыптаушылар 4 жылдан 6 жылға дейін жаза тағайындауды сұрады.

Жердің оңды-солды заңсыз сатылғаны «Бек Эйр» компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған соң әшкереленген еді.

Дамир Дарханбаев, прокурор:

Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрғынғы басшысы Рустам Тұрысбековке қауіпсіздік деңгейі төмен колонияда 6 жыл жазасын өтеп, жеті жыл мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айыруды сұраймыз. Жер кадастры орталығының бұрынғы басшысы Жарас Машимбаев қауіпсіздік деңгейі орташа колонияда 4 жыл айыбын арқалауын сұраймыз. Келтірілген шығынды өтегендіктен, жазасының төрттен бірін қысқарту қажет.

Олардан бөлек, әуежай жанындағы жерді талан-таражға салып, сатуға қатысы бар деген үш экс-шенеунік Алтынбекұлы, Қалыбеков, Абдуллаевқа прокурор 4 жарым мен 6 жыл аралығында жаза тағайындауды сұрады. Олардың бәрін бір бірімен байланыстырды деген риелтор Нұрайым Алданыш бес жылға сотталуы мүмкін. Сағызша созылған істе осы риелтордан өзгесі кінәсін толық мойындады. Нұрайым Алданыштан өзгелері үй қамақта. Сондықтан прокурор судьядан қалғандарын да қамауға алуды сұрады. Соңғы сөз айтылатын ендігі отырыс 5-мамырда өтеді.

2019 жылы желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бет алған Бек Эйр әуе компаниясының лайнері ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, стартегиялық нысанға жапсарлас тұрған үйге барып бүйірімен соғылған. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 52 жолаушы жарақаттанды. Мамандар әуежай маңындағы үйлер болмағанда адамдар аман қалар еді деген тоқтамға келді. Іле-шала ол жерлерді сатқандарға қатысты тергеу басталып, іс сотқа жеткенмен, әлі нүктесі қойылмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде