{metadescription}
Мешіттердің алдында жылжымалы егу пункті жұмыс істейді  
Мешіттердің алдында жылжымалы егу пункті жұмыс істейді  

Мешіттердің алдында жылжымалы егу пункті жұмыс істейді  

Алматыда жылжымалы егу пункті мешіттердің алдында да жұмыс істеуде. Медициналық кешенде жұма күні құлшылық етуге келген жамағаттың вакцина алуына барлық жағдай қарастырылған.

Жанар Қайратова, Алматы қаласы №1 емхана дәрігері:

- Егер қандай да бір шок немесе жалпы жағдайы нашарлап кетсе, бізде анафилактикалық шокқа қарсы шара, барлық жағдайлар жасалған. Бүгін 50 доза алып келдік.

50 дозаның мешіт жәмиғатына тек 30-ы салынды. Көбі вакцинаның тиімділігіне әлі сенбейтін сыңайлы. Ал жылжымалы кешен барлық қажет құрал-жабдықпен қамтылған. Аурудан қорғанғысы келгендер алдымен тексеруден өтіп барып екпе салдырады. Жарты сағаттай таза ауада дәрігерлердің бақылауында отырады.

Мешіт алаңындағы жылжымалы зертханада тек ресейлік «Спутник-V» вакцинасы салынып жатыр.  

Әбілхан Манданғалиев, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жұма намаз болады дегеннен кейін орталық мешітке келдім. Жұма намаз болмағалы бір жылдан асып кетті. Орталық мешіт аумағында ковидқа қарсы вакцина салып жатыр екен.  Мен де өз еркіммен салдырып алдым. Хал-жағдайым жақсы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде