Сирек кездесетін ауруға ұшыраған үш жастағы Андрейге көмек керек
Өскеменде сирек кездесетін ауруға ұшыраған үш жастағы балаға дереу көмек керек. Андрей Якушевке Вискотта-Олдрич синдромы диагнозы қойылған. Яғни иммун тапшылығынан бүлдіршіннің қол-аяғы көгеріп, жиі қансырайды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
03.05.2021
Андрейді емдеу үшін жұлын майын ауыстыру керек. Германияда жасалатын отаның бағасы тым қымбат.
Үш жастағы Андрей Якушев асыр салып ойнай алмайды. Өйткені баланың иммундық жүйесі жетілмеген. Соның салдарынан, аяқ-қолы көгеріп, жиі қан кетеді екен. Сондықтан анасы баласын көз алдыннан таса қылмайды.
Дәрігерлер науқас балаға үш жасына дейін нақты диагноз қоя алмаған екен. Енді ғана кішкентай Андрей сирек кездесетін Вискотта-Олдрич синдромына шалдыққаны анықталып отыр. Бұл кеселді Германияда емдейді екен. Бірақ бағасы тым қымбат.
Ольга Якушева, Андрей Якушевтің анасы:
- Ота Германияның Мюнхен қаласында жасалады. Ондағы дәрігерлермен келісіп қойдық. Дереу арада баланың ми сүйегін ауыстырып орналастыру қажет. Ал оның құны 290 мың евро.
Дегенмен баласы үшін отқа түсуге дайын отбасыда мұндай қаражат жоқ. Қазір олар әлеуметтік желі арқылы 146 мың еуро жинап үлгеріпті. Енді ем-домға қажет қалған қаржыны толықтыру үшін еліміздегі жомарт жандардан көмек сұрауға мәжбүр.
Ольга Якушева, байланыс телефоны : 8 777 280 43 43
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!