{metadescription}
Әлемдегі эпидахуал қалай?
Әлемдегі эпидахуал қалай?

Әлемдегі эпидахуал қалай?

Үндістанда эпидахуал асқынып барады. Онда бір тәулікте 390 мың адам коронавирус жұқтырды. Үндістандағы ушыққан жағдайға жаһан алаңдаулы. Мемлекеттер бірінің артынан бірі гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.

Ал Еуропада шектеу шараларын жеңілдетіп жатыр. Италияда  мейрамханалар ашылса, Францияда мемлекет ішінде қатынауға қайта рұқсат етілді.

Көрші Ресейде 9 млн тұрғын вакцинаның екі компонентін де салдырып бітті.

Үндістанда індет бетінің қайтатын түрі жоқ. Тәулігіне 3600-ден астам адам вирустан тіл тартпай кетіп, антирекордты жаңартып жатыр. Ал коранавирус статистикасы күн сайын төрт жүз мыңға жуық адаммен толығуда. Аурухана деген аты болмаса, медициналық мекемелердің іші базардай сапырылысқан. Күнделікті гуманитарлық көмек үзілмей келіп жатыр. Франция, Бельгия мен Германиядан қалыспай Өзбекстан да жасанды тыныс алу аппараты мен ремдесивир құрылғысын жөнелткен. Үндістандағы жағдай қыл үстінде. Мәйітхана, крематорий, ауруханалар аузы-мұрнына дейін толған. Пандемия басталғалы 19 миллионнан астам тұрғынын дерт дендеді. Билік толық локдаунды экономика құлдырай ма деген күдіктен әзір жарияламай отыр.

Венецияның тіршілігі қайта жанданды. Шектеу шарасы жеңілдегеннен кейін кафе, мейрамханалардың есігі айқара ашылды.  Дегенмен ауру асқынып тұрған шеткі аймақтардағы шектеу сол күйінде.

Бүгіннен бастап Франция билігі ел ішінде емін-еркін қозғалуға рұсат берді. Араға екі апта салып жаздық кафелер, дүкендер ашылады деп жоспарланып отыр. Дегенмен комендаттық сағат 30-маусымға дейін сақталады.   

Испания дәстүрлі корридасын тағы өткізіп жатыр. Бірақ көрермендер саны шектеулі. Бетперде тағу бәріне міндеттелген.

-Мен бұқалардың арпалысына 10 жасымнан бері барамын. Әрине, бір жыл бойы үйде отырып ешқайда шықпау қиынға соқты. Уақыт өте келе, трибунаның бәрі адамдарға қайта толады деп сенгім келеді.

Нидерландтар биліктің қазіргі саясатына көңілі толмаған соң көшеге шықты. Мыңнан астам адамның тілеуі – шектеу шарасын алып, еркіндікке жол беру. Олардың ойынша, қазіргі қатаң тәртіп демократия шартына қайшы.

Ресей вакцинацияда қалыспас үшін барын салып жатыр. Екпенің екі компонентін 9 млн ресейлік салдырғагн.  Осы сенбі вакцинаның тағы бір траншы аймақтарға жөнелтілді.

Израильде – 63, Ұлыбританияда мен АҚШ та – 44 пайыз халық егіліп үлгерсе, Ресейде бұл көрсеткіш әзірге 8 пайыздан аса алмауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.