{metadescription}
Пасха тойлап жүрген бірнеше отбасының үйі өртеніп кетті – Нұр-Сұлтан
Пасха тойлап жүрген бірнеше отбасының үйі өртеніп кетті – Нұр-Сұлтан

Пасха тойлап жүрген бірнеше отбасының үйі өртеніп кетті – Нұр-Сұлтан

Елордалық полицейлер алапат өртке себепші болған кінәліні тапты. Достарымен ішімдікке сылқия тойып алған ол сол жерде от жаққан. Бірақ өртке ұласып кеткенде өшіруге шамасы келмеген. Соның кесірінен Пасханы мерекелеп жүрген бірнеше отбасы үйінен айрылды.

Бөгенбай даңғылының бойында қара түтін будақтап жатқанын кеше куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Алдымен маңайдағы құрғақ шөп жанып, кейін тұрғын үйді жалмаған. Төрт отбасының мүшелері дін аман дегені болмаса, қолдарында құжаттан басқа түгі жоқ. Жалғыз баспанасынан айырылғандар енді туыстарын жағалап жүр.

Өртке себепші жігіт сол жерде мыс сымын жаққысы келген екен. Ол енді 6 миллион теңге айыппұл арқалауы немесе екі жыл бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Өкініштісі, үйінен айрылған тұрғындар өрт сөндірушілердің тым кешігіп жеткеніне қапалы. Оның үстіне өрт сөндіру көлігі жеткенімен, шлагбаумнан өте алмай тұрып қалған. Осы кедергінің бәрі болмағанда, үйді аман алып қалуға болар еді дейді тұрғындар.

Олег Шевченко, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Біз кеше мерекеге орай шіркеуде болғанбыз. Түсте үйге келдік. Еш қауіп болмаған. Үйге кіріп тамақ ішіп отырсақ, біреу есік қақты. Әйелім шығып келді де, сыртта шөп өртеніп жатқанын айтты. Өзім шығып өшірмекші болып едім, шамам келмеді. Өрт сөндірушілерді шақырдық. Сол аралықта бір полиция қызметкері көмектесті. Ал өрт сөндірушілер 40 минутта келді, онда да бір ғана көлік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде