{metadescription}
Өскеменде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Өскеменде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Өскеменде ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Әлі жеткенге әлімжеттік жасаған. Өскеменде тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Мұздай қаруланған күдіктілердің жасы 20-25 аралығында.

 

Қолға түскен төрт азаматтың барлығы спортпен шұғылданған. Жұдырығы жуан жігіттер жеңіл ақша табу үшін ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Тіпті жергілікті тұрғынды қорқытып, еш себепсіз жеке автокөлігін тартып алыпты. Ал оны қайтару үшін иесінен мың доллар ақша талап еткен. Қарақшыларды ұстау кезінде  тапанша мен пышақ тәркіленді.

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп Күдіктілердің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде