{metadescription}
Маржанбұлақта жолақы 50 теңгеге қымбаттады – Ақтөбе
Маржанбұлақта жолақы 50 теңгеге қымбаттады – Ақтөбе

Маржанбұлақта жолақы 50 теңгеге қымбаттады – Ақтөбе

Ақтөбе іргесіндегі Маржанбұлақ ауылында жолақы қымбаттады. Облыс орталығына қатынайтын қоғамдық көлік қожайыны бағаны бірден елу теңгеге көтеріп жіберген. Бұрын жиырма шақырым жерге 150 теңге төлейтін тұрғындар, енді  200 теңгемен қатынайды.

Шенеуніктер бұл тарифке әсер ете алмаймыз дейді. Өйткені кәсіпкер тендер ұтқан кезде жолақы құны бұдан да қымбатқа бекітілген.

Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылы Ақтөбеден не бары жиырма шақырым жерде орналасқан. Облыс орталығына бұл жақтан күніне сегіз рет екі шағын автобус жүреді. Бұрын тұррғындар жолақысына 150 теңге төлейтін, енді елу теңгеге қымбаттатқан. Бұған маржанбұлақтықтар қарсы.

Нұргүл Сумисинова, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны:

- Қаланың шетіне барамыз. Ар жағында біздің тағы жүретін жер бар. Тұрғындардың 70 пайызы қалада жұмыс істейді. 50 теңге қалтамызға ауыр. Бір отбасында төрт адам қатынаймыз.

Телағыс Жанат, Маржанбұлақ ауылының тұрғыны:

- Халық өле ме, қырыла ма? 100 мың зейнетақы алып отырған менің өзім де екі күннің бірінде құр тауық санын  етін жеп отырмыз. Халықтың жағдайын ойлаңдар. Дұрыс, Жанболат та қиналатын шығар. Күніңді көре алмай отырған жоқсың, әлі де шыда. Шыда.  

Үш жыл бұрын қоғамдық көлік қатынасына тендер ұтып алған кәсіпкер шыдамының таусылғанын айтады. Өйткені кезінде мәслихат жолақыны 300 теңге деп белгілеген. Бірақ осы күнге дейін жолаушыларды жарты ақшасына тасыпты. Ал ай сайын әкімдік беретін 100 мың теңге субсидия шығынды жаппайды деп отыр.   

Жанболат Жұмағазин, жеке кәсіпкер:

- Қосалқы, жанармай, азық-түлік қымбаттады. Барлығы қымбаттағанның өзінде де салығымды жаптым. Автобус фирмасына он пайызын төлеймін, 30 теңгесін. Сонда 150 теңгемнен 30 теңге автобусқа төлеуім керек.  

Ал шененіктер кәсіпкердің жұмысына араласуға құқымыз жоқ деп отыр. Бастысы баға белгіленген тариф мөлшерінен аспағанын айтады.

Арман Ошанов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

- Бұл кәсіпкер ұтқан кезде 300 теңгемен ұтты. Бұл кісіге біз баға көтерме деп бұйрық бере алмаймыз. Бірақ осы күнге дейін бағаны көтермей ұстап келді. Әрі қарай бұның жұмысына аралассақ, кәсіпкер жұмысына араласқан боламыз.      

Маржанбұлақта қазір таксидің дәурені жүріп тұр. Бірақ көбісі қызметін заңды тіркемеген. Тұрғындар оларға да жаза қолданып, такси бағасын бақылауға алуды талап етті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.