{metadescription}
Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара аймағындағы қарулы қақтығыс тоқтады
Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара аймағындағы қарулы қақтығыс тоқтады

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекара аймағындағы қарулы қақтығыс тоқтады

Тәжікстан мен Қырғызстанның шекаралық аймағындағы қарулы қақтығыс тоқтады. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, жағдай тұрақталған Баткен облысында өткен түні бірде-бір оқ атылмаған.  Десе де шекара маңындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Сенбіде Баткен облысында бас қосқан қос мемлекет өкілдері тәжік-қырғыз шекарасын делимитация және демаркациялау жөнінде келіссөз жүргізген. Нәтижесінде екі жақтан адам шығыны болған қанды қақтығысты тоқтатуға уағдаласты. Ал кеше Қырғызcтан мен Тәжікстан шекара маңынан әскерилерін әкете бастады.

Екі ел арасындағы қарулы қақтығыс 28-сәуірде тұтанды. Көкташ ауылының жанындағы су тарату бекетінде тұрғындар бастаған төбелес шекерашылардың оқ атуына ұласқан еді. Шекарадағы жанжалдан Қырғызстан жағынан қаза тапқандар саны 36 адамға жетті. Марқұмдардың арасында бала бар. Зардап шеккен 174 адамға дәрігерлік көмек көрсетілген. Төрт күнге созылған қақтығыстан Баткен облысын 60 мыңнан астам тұрғын тастап қашқан.

Тәжікстан мұндай тізімді ресми жариялаған жоқ. Кейбір дерек көздерінде 16 адам жан тапсырып, 100-ден астамы жарақаттанғаны айтылады. Қазір шекарадағы жағдай тұрақты дегенімен, әзірге қай жақтың бірінші оқ атқаны белгісіз. Екі тарап бір-біріне сілтеп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.