{metadescription}
Мөңкені жаппай аулаған тұрғындарға әкімшілік іс қозғалды – Ақтөбе облысы
Мөңкені жаппай аулаған тұрғындарға әкімшілік іс қозғалды – Ақтөбе облысы

Мөңкені жаппай аулаған тұрғындарға әкімшілік іс қозғалды – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында қайраңда қалған балықты жұрт жаппай аулап жатыр. Тұрғындар саязға уылдырық шашуға шыққан мөңкелердің көптігіне әрі қолмен ұстап алуға болатынына қызыққан.  

- Ақтөбенің бәрі жүр, міне. Ұстадың ба, папа? Тез ұстап алшы, видеоға түсіріп тұрмын.

Бұл видеоны тұрғындар Бестамақ ауылы іргесіндегі Елек өзенінің жағасынан түсіріпті. Сол маңдағы жұрт балықты көрген бойда суға жетіп барған. Олардың бұл қылығын тәртіп сақшылары заңсыз деп бағалап, бірнеше тұрғынға қатысты әкімшілік іс қозғады. Сол жердегілердің бәрін қуып жіберген.

Уылдырық шашу кезінде балықты аумен де, қолмен де аулауға болмайды. Елек өзені аң және орман шаруашылығы мекемесіне қарайды. Сондықтан осындағы орманшылар да жұрт жаппай өзенге ағылған соң, күні-түні су жағасын күзетуге кіріскен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде