{metadescription}
Аттракцион кілт тоқтап, балалар жарақат алды – Орал
Аттракцион кілт тоқтап, балалар жарақат алды – Орал

Аттракцион кілт тоқтап, балалар жарақат алды – Орал

Оралдағы орталық саябақта балалар әткеншегі кенет тоқтап қалып, сегіз жасөспірім жарақаттанды.  Қатты айналып тұрған аттракцион кілт тоқтағанда, жайбарақат отырған балақайлар жақтауға басын ұрып, бір- біріне соғылған. Балаларды жедел жәрдем алып кетті.    

Оқыс оқиға кеше кешқұрым болды. Мереке күндері саябақта адам қарасы да көп болған. Апаттың қалай болғаны бақылау камерасына түсіп қалыпты. Онда балалар әткеншекте тербеліп, ата-аналары сырттай бақылап тұр. Кенет аттракцион кілт тоқтап, кабина байланған  шынжыр жан-жаққа оратыла бастайды. Мұны көрген ересектер жолдағы қоршауды аттап, балаларды құтқаруға ұмтылған.

Ешкім ауыр жарақат алмапты. Аттракцион әкімшілігі он жылда бұндай жағдай алғаш рет орын алып отырғанын айтады. Сегіз жыл бұрын орнатылған әткеншектің қолдану мерзімі де өтпеген. Десе де мамандар оқиғаның мән-жайын анықтағанша, аттрационның жұмысы тоқтатылды.

Антон Ротштайн, әткеншектер саябағы директорының орынбасары:

- Әрине, ақау болып тұр. Механикалық, ал электрмен жабдықтау жағынан болса оны аттрационды қарап шыққан соң білеміз.Мамандар кешенді тексеріс жүргізеді. Нақты себебін техникалық сараптама көрсетеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде