{metadescription}
СҚО, Желяково: Жұрт баспанасы өртенгендерге жылу жинап жатыр
СҚО, Желяково: Жұрт баспанасы өртенгендерге жылу жинап жатыр

СҚО, Желяково: Жұрт баспанасы өртенгендерге жылу жинап жатыр

Қарапайым халық Солтүстік Қазақстан облысындағы Желяково ауылында өрттен зардап шеккендерге қол ұшын созуда. Жергілікті жұрт баспанасы күлге айналғандарға жылу жинап жатыр. Ал шенеуніктер мен төтеншеліктер өрттің неден шыққанын зерттеп, шығын көлемін есептеуге кірісті.

Өрт жексенбі күні басталған. Алқаптағы қураған шөп өртеніп, ары қарай желдің күшімен ауылға жеткен. Өрт сөндірушілер қызыл жалынды екі сағаттың ішінде ауыздықтады. Десе де тілсіз жаудан  үш үй мен төрт ғимарат  түгі қалмай жанып кетті. Баспанасыз қалғандар екі күннен бері көршілері мен туыстарының үйін паналауда. Жергілікті билік өрттен зардап шеккен тұрғындарға 300 мың теңге көлемінде өтемақы төленетінін жеткізді. Ал қызылжарлықтар тұрмысқа қажет зат жинап, көмек беруді бастап кетті.

Сергей Зебольд, Петропавл қаласының тұрғыны:

- Тұрғындар қолда барын беріп жатыр. Біреуі теледидарын әкеліп берді. Енді бірі кілем, ыдыс-аяқ, көрпе-жастығын беріп жатыр. Қайырымды жандарға алғыс айтамын. Көмек беремін дегендерді күтеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде