{metadescription}
Эпидахуалдың оңалмай жатқанына кім кінәлі? 
Эпидахуалдың оңалмай жатқанына кім кінәлі? 

Эпидахуалдың оңалмай жатқанына кім кінәлі? 

Эпидахуалдың оңалмай жатуына халықтың санитарлық талапқа тиянақты болмауы себеп. «Қызыл» аймақтағы Алматыда демалыс күндері шектеу тағы да күшейтілген. Алайда қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин шығарған қаулы қағаз жүзінде ғана қалғандай.

Саябақтар мен демалыс орнына келушілердің көптігінен ине шаншар жер жоқ.   Карантин талаптарының сақталмағанына тілшіміз жеткізіп қайтты.

Өткен айда жұртшылық көптеп жиналатын Жібеке жолына адамдардың келуіне тыйым салынды. Қазір аумақ қоршауға алынып, жұртшылық бұл маңнын сыртын ғана жағалап қалған. Алайда кейбір аналар шектеуге шекесінен қарап, балаларын ойнатып жүр. Дегенмен талапқа бағынатындары бұл тыйыммен келіспей отыр. 

Екатерина Вортанова, Алматы қаласының тұрғыны:

Балалардың ойнауына, арбамен алып жүруге ең қауіпсіз жер осы еді. Көлік шығып қалады деп алаңдамайсын. Айналада онсыз да адамдар қаптап жүр. Бұл жерді жапқанымен, өзге орындарда карантин шектеуін сақтап жатқан ешкім жоқ.

Ашық аспан астында жүруге мүмкіндік берілген келесі орында карантин режимі мүлдем жоқ сияқты. Тіршілігі қайнаған мұнда келушілердің дене қызуын тексеріп жатқан адам көрінбейді.

Қаладағы хайуанаттар бағына жұмыс істеуге рұқсат берілген. Демалыс күні жануарларды тамашалауға келгендердің қарасы қалың. Дегенмен санитарлық талаптың бірі де сақталмаған. Кезек күткендердің көбісі бетпердесіз жүр.

Осылайша арқаны кеңге салып демалып жүргендердің ережеге сәйкес әрекет етіп жатқан ешқайсысы жоқ. Баласын жетектеген жұртшылық көпшілік арасында жүруден де қорқатын емес. Әлеуметтік арақашықтық сақтауды айтпағанда, бетперде тағып жүргендердің өзі бірен-саран.  

Атабек Омаров, Алматы қаласының тұрғыны:

- Негізі балаларға жақсы ғой. Мейрамхананы ашқанша, осындай саябақтарды  ашқан дұрыс, балаларға да, бізге де. Баламен қыдыратын жер жоқ. Содан зообаққа алып келдік.

Орталық мәдениет және демалыс саябағында да жағдай осы тектес. Мерекеге орай отбасымен серуендеп жүргендер көп. Алайда мұнда да қараша ара қашықтық сақтауды ұмытқан.

Карантин уақытында талапқа бағынбай жұмыс істеп жатқан орын бұл ғана емес. Қаулыда мамырдың 1-10 аралығында зират басына баруға да тыйым салынған. Алайда бүгін есігі айқара ашық тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.