{metadescription}
Бір тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды
Бір тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды

Бір тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды

Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында эпидемиологиялық ахуал қайта ушығып, «қызыл» аймаққа ойысты. Алматы облысы қауіптің «сары» деңгейіне қайта енген. Бір тәулікте коронавирустан 18 адам көз жұмды.

Өткен тәулікте 2496 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен. Әсіресе Алматыда аурудың беті қайтар емес. Мұнда кеше тағы 667 науқас тіркелді.

Нұр-Сұлтанда 352 жағдай анықталған. Айта кетейік, екі қала да екі айдан бері «қызыл» аймақта тұр.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында да дерт дендеп тұр.

Ал «сары» деңгейде Алматы облысынан бөлек, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр. Қалған үш өңірде жағдай тұрақты. Осыған дейін коронавирус жұқтырған ел тұрғындарының жалпы саны 328 мыңға жуықтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде