{metadescription}
Үлгілі сарқырамасына құлаған азаматтың жағдайы ауыр
Үлгілі сарқырамасына құлаған азаматтың жағдайы ауыр

Үлгілі сарқырамасына құлаған азаматтың жағдайы ауыр

45 жастағы азамат Ақмола облысындағы Үлгілі сарқырамасына құлап кетті. Табиғатты тамашалауға келген саяхатшының табаны тастан тайып кеткен. Ауыр жарақат алған ол облыс ауруханасына жеткізілді.

Көктемде Үлгілі сарқырамасының ағыны қатты. Табиғаттың әсем көрінісін тамашалауға жан-жақтан жиналатын жұрт та көп. Сарқырамада биыл оқыс жағдай осымен  екінші рет болып отыр. Бұған дейін селфи жасамақ болған әкесі мен қызы суға құлап  аман қалған.

45 жастағы көкшетаулық азамат оңбай жараланған Отбасымен демалуға келген оны асау өзен ағызып әкеткен. Тастан тасқа ұрылып, басы жарылып, сүйегі сынған. Қазір ол облыс ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Дмитрий Чайков, Ақмола облысы ауруханасы директорының орынбасары:

- Науқасты жедел жәрдем бригадасы жеткізді. Диагнозы: қосарланған сынық жарақаттары. Бірнеше қабырғасы, иық сүйегі сынған. Өкпесі зақымданған. Төсінде де зақым бар, тыныс алу аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.