{metadescription}
Жиляковадағы өрт: Тұрғындар өзі өртеді ме?  
Жиляковадағы өрт: Тұрғындар өзі өртеді ме?  

Жиляковадағы өрт: Тұрғындар өзі өртеді ме?  

Жиляковадағы өрттің неден шыққаны белгілі болды. Осы жексенбі Солтүстік Қазақстан облысының бір ауылын әуре-сарсаңға салған оттың өршуіне елдімекен шетінде құрғақ шөп пен қоқысты өртеу себеп болыпты. Оны жаққан адамды әлі іздестіріліп жатыр.

Аслан Ахметжанов, СҚО Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің басшысы:

Осы ауылдың тұрғындары да өртеуі мүмкін. Өрт шыққан ошақ ауыл шетінде жол жиегінде екені белгілі болды. Бұл жердегі бау-бақшаларға арам шөп өсіп құрғап кеткен. Тұрмыстық қалдық та жатыр. Жел тұрғанда жалын тұрғын үйлерге қарай бас салған.

Жиляковадағы өрт өткен жексенбі күндіз басталды. Жалын жолындағы алты үйді жалмады. Елудей баспананы құтқарушылар алау аузынан арашалап қалды. Тілсіз жаудан келген шығын көлемі 8 жарым млн теңге. Кейбір тұрғындардың өрт көзінде малы қырылды. Жергілікті билік зардап шеккендерге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көмек көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар жаңа баспана алып, қайырымдылық есебінен малын түгендеуге септеспек. Қазір оқиға орнында ауыл тұрғындарына еріктілер көмектесіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде