Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне 1 миллионнан беріледі
Қазақстанда Екінші дүниежүзі соғысының ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі. Дәстүрге айналған біржолғы материалдық көмек 14 аймақта төленіп үлгерген. Қалған өңірдегі ардагерлерге аталған қаражат Жеңіс күніне дейін қолына тиеді.
Автор: Мақсат Мәлік
06.05.2021
Ал Қазақстан берілген сыйақы көлемі жағынан ТМД елдері арасында бірінші орында тұр екен.
Ерлан Әукенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
- Мақсатты түрде өзгелермен салыстыратын тапсырма қойып отырған жоқпыз, бірақ Қазақстандағы сыйақы көлемі өзгелерден жоғары. Мәселен, көршілес Өзбекстан 500 мың теңге көлемінде беріледі. Ресейдегі бірреттік төлем 60 мың теңге көлемінде. Бізде жергілікті билік тарапынан өзге де көмектер қарастырылған.
Жеңіс күні қарсаңында ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында 6,4 миллиард теңге бөлінген. Соғыс ардагерлері 1 миллион теңгеден алады. Ал қайтыс болған соғыс мүгедектерінің әйелдері, ұрыста қаза тапқандардың жесірлері және соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне 30 мың теңгеден кем емес біржолғы материалдық көмек беріледі. Бұдан бөлек, қан майданда кеудесін оққа тосқан ардагерлерге естелік сыйлықтар табысталады.
Қазір елімізде Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан тек 665 ардагер қалыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!