Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды
Алматыда пәтер тонаумен айналысқан топ ұсталды. Бәрі де Қарағанды облысының тумалары. Одан қалды, қолдан кілт жасайтын шеберлер екен.
Автор: Аруна Ортай
06.05.2021
27-28 жастағы жігіттер тоғыз пәтерді тонап үлгеріпті. Үй иесін алдын ала аңдып, ұрлыққа тек күндіз түсетін болған. Ал есікті өз кілттерімен ашып жүріпті. Кейін белгілі болғандай, үш сұғанақ та кілт жасаудың хас шебері екен. Ел аралап, тек пәтер тонаумен айналысқан. Соңғы жорықтарында 300 мың теңге мен алтын алқаларды қолды қылған.
Алматылық тәртіп сақшылары оларды жалдап жүрген пәтерлеріне дейін аңдып, сол арада қолға түсірді. Тонаушылар бұған дейін де ұрлық жасағаны үшін сотталыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!