{metadescription}
Күмәнді ұйымның құрылтайшыларына іздеу жарияланды – Astex.kz
Күмәнді ұйымның құрылтайшыларына іздеу жарияланды – Astex.kz

Күмәнді ұйымның құрылтайшыларына іздеу жарияланды – Astex.kz

Алматыда тендерден пайда көресіңдер деп жұртты алдаған күмәнді ұйымның құрылтайшыларына іздеу жарияланды. Оларға қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айып тағылған.

Полиция 200-ге жуық салымшыны сан соқтырып кеткен компанияның кеңсесінде тінту жүргізбек. Олар аңғал салымшылардан 2 миллиард теңгеге жуық қаражат жинап алған. Бұл сома ұлғаюы мүмкін. Өйткені тәртіп сақшылары қаржы пирамидасына ақша салғандарды да іздестіріп жатыр.

Astex.kz компаниясына алданған алматылықтар. «Тендерден пайда табамыз» деп опық жеген жұрт бүгін ақша құйған мекеменің кеңсесіне тағы жиналды. Көпшілікті тақырға отырғызған компания қожайыны Алмас Құрманғалиевтен әлі күнге дейін хабар жоқ. Соған қарамастан салымшылар үмітін үзбей жүр.

Гүлмира Отарбаева, Алматы тұрғыны:

29 миллион салдым. Қырық күннен кейін проблема басталды. Алмасқа жылап-сықтап айттым. Алмас сол кезде 9 миллион теңге берді. 20 миллионды бермей кетті. Қашады да жүреді. Бүгін жайбарақат болып келдім. Бір жақсылық болатын сияқты.

Гүлмира сынды миллиондаған теңгесін ойланбастан салып сан соғып қалғандардың қатары күннен-күнге көбейіп барады. Елімізде 500 адамға жуық. Барлығының мақсаты – үстемақыны айтпағанда, құйған ақшасын тезірек қайтарып алу. Олардың қатарында әу баста Astex.kz компаниясының клиентін көбейтуге көмектескен «Мудараба капитал» мекемесінің басшысы мен қызметкерлері де жүр. Жиналғандардың арасында олар ерекше белсенді болып, камера алдында ағынан жарылды.

- Заңсыз ақша алғандармен шайқасып жүрміз. Өз қаражатымызды жинап аламыз. Бірақ «Мудараба капитал» салымшылары бар ақшасын  қайтарып алады дегім келеді.  

Көпшілік асыға күткен Алмас Құрманғалиевтің орнына інісі Шыңғыс келді. Бұл былыққа қатысым жоқ» деп алған бетінен қайтар емес. Бірақ туған ағасы болғандықтан, оның атына кір келтірмей, қарызын төлеп беруге дайын екен.

Шыңғыс Құрманғалиев:

Мен ағама көмектесемін. Алайда маған уақыт пен тізім керек. Ақшаны бірден қайтармасам да, бөліп төлеуге шамам жетеді. Қарыздан тезірек құтылуға дайынмын. Сондықтан сабыр сақтап, өз араларыңыздан комиссия құрыңыздар.

Компанияның мақтауын асырып, жұртты инвестиция құюға шақырған Баян Алагөзова «ешкімге жауап беруге міндетті емеспін» деп, тергеуге араластырмауды сұраған. Полиция департаменті күдіктілерге іздеу жариялады. Оларға  қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген айып тағылған. Тәртіп сақшылары күмәнді компания құрбандарын да іздестіріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде