{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаев: Іргені мықтап қымтау керек
Қасым-Жомарт Тоқаев: Іргені мықтап қымтау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев: Іргені мықтап қымтау керек

Көрші елдердегі жанжал – біздің күш құрылымдарына да жасалған ескерту. Сондықтан сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әркез дайын болуы керек. Отан қорғаушылар күні қарсаңында бірқатар әскерилерді марапаттаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық жағдайларға да тоқталды.

Ақордадағы салтанатты рәсімде жаңадан 2 генерал-лейтенант, 7 генерал-майор, 3 ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры, 6 полиция генерал-майоры пайда болды. Сонымен бірге әділет саласының 6 қызметкерінің класы көтерілді. Ерлігімен көзге түскен бірқатар әскерилер «Айбын» және «Жауынгерлік ерлігі» медальдарымен марапатталды.

Президент Тоқаев сарапшылардың алпауыт мемлекеттер арасындағы тартыстарға қатысты пікірін ерекше атап өтті. Қазіргі ахуал қырғи-қабақ соғыс кезіндегімен тең боп тұр. Ал ТМД аумағында, тіпті іргелес елдерде жанжал пайда болып жатыр. Ескі дауларға қазіргі түйткілдер қосылып, жағдай күрделене түскен. Сондықтан іргені мықтап қымтау керек деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

Бұл бәрімізді алаңдатып отырған мәселе. Сондықтан арқаны кеңге салмай, ұлттық қорғаныс ісінде темірдей тәртіп сақтауымыз керек. Біздің әскеріміз және барлық күш құрылымдары сырттан келген қауіп-қатерге тойтарыс беруге әрдайым сақадай-сай дайын болуға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде