Рентген аппараттарын заңсыз қымбат бағаға сатқан басшы сотталды – Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысына үкім шықты. Жамал Жаманбаева қызметін асыра пайдаланып, жылжымалы рентген аппараттарын заңсыз қымбат бағаға сатып алды деген күдікпен ұсталған еді.
Автор: Айман Нұрмағанбет
06.05.2021
Оған мемлекетке 30 миллион теңгеге жуық залал келтірді деген айып тағылған. Сотталушы тергеу кезінде кінәсін мойындап, шығынды толық өтеген. Осыны ескерген Ақтау соты Жамал Жаманбаеваның бас бостандығын үш жарым жылға шектеді. Экс-шенеунік енді үйінен аттап баспайды. Мекенжайы мен жұмыс орнын ауыстырса, міндетті түрде тиісті орындарға хабарлап тұруы тиіс.
Сотталушының кәмелетке толмаған балалары мен жұмыс орнындағы жағымды мінездемесін ескеріліп, жеңіл жаза қабылданды, - дейді судья.
Сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды.
Аралбай Нағашыбаев, Ақтау сотының судьясы:
- Өмір бойына мемлекеттік қызмет істеуден айырып, 3 жыл 6 ай бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленіп, ҚР ҚК 44-бабының талабына сәйкес шектеулер тағайындады. Жәбірленуші өтемақы қорына 20 АЕМ міндетті төлем өндірілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!