{metadescription}
Елжан Біртанов: Ізіме адам салып, уақыт пен қаражат кетіргенше, тергеуді тиянақты жүргізіңдер
Елжан Біртанов: Ізіме адам салып, уақыт пен қаражат кетіргенше, тергеуді тиянақты жүргізіңдер

Елжан Біртанов: Ізіме адам салып, уақыт пен қаражат кетіргенше, тергеуді тиянақты жүргізіңдер

Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 14 маусымға дейін ұзартылды. Тергеу шараларының созылып жатқанына байланысты сот осындай шешім қабылдады.

Тергеушілер хорватиялық компаниядан алған ақпараттық жүйенің толық жұмыс істемейтініне және сол кездегі денсаулық сақтау министрі Біртанов оны біле тұра, қол қойғанына сенімді. Ал айыпталушы ол жүйенің бүгінде жұмыс істеп тұрғанын айтады. «Электронды денсаулық паспорты соның дәлелі», - дейді экс-министр.

Тергеушілердің сотқа берген шағымында Біртановтың шетелде мүлкі бары айтылған. Бірақ оған Біртановтың өзі таң қалып отыр. Айтуынша, кезінде інісі Австрияда отбасымен тұрып, жұмыс істеп келгені болмаса, одан басқа шетелге ешқандай қатысы жоқ.

Кеше ғана прокурор экс-министр мен орынбасары Олжас Әбішев бір жарым миллиард теңгені талан-таражға салды деп мәлімдеген. Біртановқа қатысты тергеу былтыр қазан айынан бері созылып келеді. Тергеушілер ішкі мемлекеттік аудит комитетінен құжатқа қол қойғаны қаншалықты заңды және оған қаражат төленгені қаншалықты дұрыстығын енді сұратып жатыр. Біртанов тергеуді лайықты жүргізудің орнына, ізіне адам салып жүргеніне қапалы.

Елжан Біртанов:

Бұл өте күрделі іс. Сол күрделі істі барынша толық тергеудің орнына, тергеушілер менің ізіме адам салып, уақыт кетіріп, қаражат шығындап жүр. Күн сайын әйелім мен балаларым серуендеуге шыққанда немесе дүкенге барғанда үш бірдей көлік соңында жүреді. Немесе менің жұмысымның айналасында. Мен олардың нөмірін де бере аламын. Соның орнына бар уақытын тергеуді тиянақты жүргізуге жұмсаса болар еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.