Ковид-19: Ауруханада 780 науқас ауыр халде жатыр
Шымкент қаласы мен Қызылорда облысы «қызыл» аймақтан шығарылды. Коронавирустың таралуы бойынша қауіптің ең жоғары деңгейінде 2 қала мен 5 облыс қалды. Соған қарамастан күніне індетпен тіркелетін науқас саны азаймай тұр.
Автор: Салтанат Шырынхан
06.05.2021
Соңғы тәулікте қауіпті дерт тағы 2 мың 443 адамнан анықталды. Науқастардың төрттен бірі Алматы қаласында. Мұнда 651 адамнан КВИ анықтауға алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.
Қауіптің орташа деңгейінде алты өңір бар. Ал «жасыл» аймақта Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары тұр.
37 адам кеулеген кеселдің құрбаны болды. Ал ауруханада 780 науқас ауыр халде жатыр. Оның ішінде 121-і өкпені жасанды желдету аппараттына қосылған. Ауруды жұқтырғандардың жалпы саны 335 мыңға жуықтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!