{metadescription}
Вакцина алған жігіттің жүрек талмасы ұстап қалған
Вакцина алған жігіттің жүрек талмасы ұстап қалған

Вакцина алған жігіттің жүрек талмасы ұстап қалған

Жігіттің жүрек талмасы ұстап қалған. Алматының қоғамдық денсаулық басқармасы вакцина алғаннан кейін бақилық болған тұрғынға қатысты осылай деп отыр.

Бірақ Бақытжан Нұртазиннің жақындары дәрігерлерді кінәлады. Айтуларынша, екпе салған соң дәрігерлер оны 30 минут бақыламаған.

Юлия Нұртазина, Б. Нұртазинның қарындасы:

- Екпенің алдында дәрігерлер құр сауалнаманы толтырғанша, адамды толық тексеруі керек еді. Вакцинаның бірінші компонентін қабылдағанда қан қысымы 140/90 болған. Яғни, о бастан оның денсаулығына салғырт қараған. Екінші компонентін салған соң 30 минут бақылауда ұстамаған. Осының бәрі айналып келіп бауырымның өліміне әкеліп соқтырды.

42 жастағы азамат ресейлік «Спутник-V» вакцинасының екінші компонентін салдырғаннан кейін өзін жайсыз сезінген. Үйіне жеткен бетте жедел жәрдем шақырғанымен, олар жетем дегенше жан тапсырған. Өлімге нақты не себеп болғаны медициналық сараптамадан кейін ғана айтылады.

«Вакцинаның кері әсері болды деуге әлі ерте», - дейді мамандар. Қоғамдық денсаулық басқармасы екпенің хаттамаға сәйкес салынғанын әрі Нұртазиннің бақылаудан өткенін айтып отыр.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы:

- Мәліметке сәйкес, жүрек талмасынан қайтыс болған. Өлім себебін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қорытындысы қосымша хабарланады. Нақты диагнозы гистология зерттеуінен кейін белгілі болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде