АҚШ: 13 жасар қыз мектепке қарумен келіп, бірнеше адамды жаралады
АҚШ-та алтыншы сынып оқушысы мектепте атысып сойқан салды. 13 жасар қыз қаруды сабаққа алып келген.
Автор: Аруна Ортай
07.05.2021
Оқушы қыз алдымен өз сыныптастарын атқылап, екі бала мен бір мұғалімді жаралады. Содан кейін мектептің ауласына көздеген. Абырой болғанда ұстаздардың бірі дер кезінде одан қаруды тартып алды. Оқ тиген оқушылардың бірі ауыр халде. Ал алтыншы сыныпта оқитын қыздың мектепке қару асынып келіп қырғын салуына не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр. Мәліметтерге қарағанда, қатарластары қызға ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп келген. Жеткіншектің жүйкесі содан сыр беруі мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!