Көлкент тұрғындары суға жарымай отыр – Түркістан облысы
Түркістан облысында өзен бойын жайлаған тұтас бір елдімекен суға жарымай отыр. Сайрам ауданындағы Көлкент ауылының тұрғындары тіршілік нәрін тәулігіне тек екі-үш сағат пайдаланады екен.
Автор: Бек Әбиев
07.05.2021
Сейітжаппар Елдешбаев, Сайрам ауданының тұрғыны:
- Біріншіден, суқұбырынан су жетпейді. Қазір ауру көп, адамдар уақтылы су ішуі керек. Ауыз суға, бақша егуге қажет. Күн жылынды. Бақшаға да келмейді. Көшеттер құрып кеткелі тұр.
Ауыл Көкбұлақ өзенінің іргесінде тұрғанымен, өзен жекеменшікке өтіп кеткен. Сондықтан тұрғындардың бәрін бір ғана бұлақтан су жинайтын су мұнарасына қосып қойыпты. Тапшылық содан болып жатыр дейді жиналғандар. Ал егінге арналған ағын су жекенің қолындағы өзеннен келуі керек болған. Бірақ жалға алғандар балық ұстау үшін өзенге темір тор қойып, ол қоқысқа толып қалған дейді. Соның салдарынан судың ағысы бәсеңдеген. Аудан әкімдігі судан тарыққан ауылдың мәселесін таяу күнде шешеміз деп уәде берді.
Жангелді Абданбеков, Сайрам ауданы ТКШ бөлімінің басшысы:
- Биыл қаңтарда осы ауылда облыс ұсынысымен жерасты суына барлау жүргізілген. Құжаттар дайындалған. Қаңтар айында облыс энергетика коммуналдық- шаруашылық басқармасына берілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!