Өскеменде тағы өртенген қоқыс полигоны ырық бермей жатыр
Өскеменнің іргесіндегі қоқыс полигоны тағы өртенді. Тілсіз жау мамандарға ырық бермей жатыр. Соның салдарынан шаһарды қою қара түтін басты.
Автор: Ұлан Нұрахмет
07.05.2021
Қоқыс полигонындағы тілсіз жау кеше кешқұрым тұтанған. Қатты соққан желдің кесірінен өрт бір гектар жерге ілезде тарап үлгерді. Өрт сөндіруге 30 адам мен 8 техника жұмылдырылған. Бірақ атшаптырым аумаққа жайылған өрт ырық берер емес. Оның үстіне жылдар бойы жиналған тұрмыстық қалдықтар да тым тереңде жатыр. Шаһар іргесіндегі бұл полигон араға апта салып екінші мәрте өртенуде. Алғашында тұтанған жалынды өрт сөндірушілер үш күн бойы алысып, әрең ауыздықтаған.
Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
- Өртті сөндіруге жел де кедергі келтіріп тұр. Екпіні артып, төңірегіне жылдам таралып жатыр. Полигонға қасақана өрт қойылды деген болжам бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!