Шымкентте көкке ұшырылған шардан тұрғындар жарықсыз қалды
Шымкентте әуе шарының кесірінен бүлінген электр желілері әлі жөнделіп жатыр. Бірнеше мың тұрғынды жарықсыз қалдырған оқыс оқиға кеше кешке болған. Әуеден төмен түсерде жүгенсіз қалған алып шар электр сымдарын үзіп, бағаналарды құлатқан.
Автор: Бек Әбиев
07.05.2021
Елдің көңілін көтеру үшін көкке ұшырылған шарды кешкісін жинап жатқанда күшті жел көтеріліп кеткен. Қайта ішінде адам болмапты. Оқыс оқиғадан ешкім мертіккен жоқ. Есесіне, электр желілері үзіліп, Тұран, Шымсити мен Ньюсити және Асар-2 шағын аудандарындағы түгел жарықсыз қалды. Түнекте қалған тұрғындарды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мамандар түні бойы жұмыс істеген. Қираған бағаналарды қалпына келтіру әлі жалғасып жатыр. Ал полицейлер бөтеннің мүлкін абайсызда жою бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Шардан келген шығынды оны аспанға ұшырған адам төлейді.
Есбол Уликов, Шымкент қаласы энергетика және коммуналдық- шаруашылық басқармасының бөлім басшысы:
- Сым ілініп, сүйеніші трансформаторға құлап зақымдаған. Сол сәл қиын болды. Жұмыс атқарылып жатыр. Сым үзілді. Темірбетон тіректердің төрт-бесеуі сынған, соны қалпына келтіру керек. Екі-үш шақырымдай сым үзілген. Оны да жөндейміз. Қосалқы станцияға да зақым келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!