{metadescription}
Елорда әуежайына Ashyq қосымшасы енгізіледі  
Елорда әуежайына Ashyq қосымшасы енгізіледі  

Елорда әуежайына Ashyq қосымшасы енгізіледі  

Ashyq қосымшасы елорда әуежайына да енгізіледі. Әуежайдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үкіметтік комиссия осындай шешім қабылдады. Жаңа ереже 10-мамырдан жоба ретінде енгізіліп, 12-нен бастап қолданысқа толық түседі.

Мобильді қосымша денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен біріктіріледі. Сол арқылы әрбір жолаушының мәртебесі айқындалады. Сары не қызыл түсті болса, вирустың тасымалдаушысы деген сөз. Ондай жағдайда әуежайға кіргізілмейді. Тек көк және жасыл түс көрсеткендері ғана сапарға шыға алады.

Ескерерлік бір жайт, терминалдарға кірерде жұрт жиылып, содан көп кідіріп қалуы мүмкін. Соған байланысты жолаушылар әуежайға келгенге дейін алдын ала қосымшаны жүктеп алып, өз мәртебесін тексеріп алғаны дұрыс дейді әуежай өкілдері.

Жолынан қалған «сары» және «қызыл» түсті жолаушылар билет құнын қайтару үшін әуе компаниясына жүгіну керек.

Әуежай ішінде термометриядан өту, медициналық бетперде тағу және басқа да карантин талабын сақтап жүруге тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.