Ақтау: Жол апатында үш көлік өртеніп, алты адам жараланды
Ақтауда жол апатына түскен үш көлік өртеніп, алты адам жараланды. Алайда төрт науқас бірден үйіне жіберілген. Ал бел омыртқасы сынып, миы шайқалған 33 және 34 жастағы екі азамат сынық-жарақат бөлімшесінде жатыр.
Автор: Айман Нұрмағанбет
11.05.2021
Оқиға түнде қаланың орталық көшелерінің бірінде болған. Жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Infiniti жүргізушісі Toyota Pradо және «Ваз» көлігіне соқтығысқан. Осы сәтте көшеде жүрген тұрғындар жаншылып қалған көлік ішіндегі алты адамды дереу сыртқа шығарып үлгеріпті. Бірер минуттан кейін үш көлік те отқа оранып түгі қалмай жанып кетті. Зардап шеккен алты адамның екеуі қазір ауруханада жатыр.
Нұрбол Оқуов, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:
- Екі науқас, екеуі де жас жігіт. Траматология бөлімінде жатыр. Оларға ем- дом тағайындалды. Дәрігерлердің бақылауында. Есін біледі. Барлық емдеу шаралары алгоритмге сәйкес жүргізіледі. Шамамен жеті күн жатады. Ол жарақатының ауыр немесе орташа есебіне байланысты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!