{metadescription}
Жамбыл облысы: Сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін әзер табылды
Жамбыл облысы: Сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін әзер табылды

Жамбыл облысы: Сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін әзер табылды

Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасына батып кеткен сүңгуірдің денесі 35 күннен кейін әзер табылды. 130 құтқарушы күні-бүгінге дейін іздеуді тоқтатпаған еді.

Жұмағали Әбдірахмановтың денесін жағалаудағы қалың қамыстың арасынан алып шыққан. Бұл төңірек бұған дейін талай мәрте тексерілген. Ұзақ уақыттан бері қойманың табанында жатқан мәйіт судың бетіне өзі шықса керек.

50 жастағы кәсіби сүңгуір жоғалған келіншекті іздеймін деп( Тасөткел су қоймасына түскен еді. Сол кезде күшті жел тұрып, құтқарушының қайығы аударылып, өзі ізім-қайым жоғалған. 20 жылдық тәжрибесі бар Жұмағали Әбдірахмановтың денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Марқұмның артында әйелі мен екі баласы қалды.  

Юрий Салагаев, Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының жетекшісі:

- Жұмағалидің денесі қайық аударылған жерден шамамен 600 метр жердегі қамыстың арасынан табылды. Іздеу оңай болған жоқ. Күн райының жиі бұзылуы да қиындық туғызды. Жұмағали Әбдірахманов осы салада 20 жыл қызмет етті. Жақсы адам, мықты маман еді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде