Бас санитар дәрігерге арызданған кәсіпкерлер апелляциялық шағым дайындап жатыр – Қарағанды
Қарағандыда карантинге байланысты өңірдің бас санитар дәрігерінің үстінен арызданған кәсіпкерлер сотта жеңіліп тынды. Аудандық судья арызданушы тарапты сот процестері мен жарыссөздерге қатыстырмастан, шешімді сырттай шығара салған. Енді адвокаттар апелляциялық шағым дайындап жатыр.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
11.05.2021
Кәсіпкерлердың айтуынша, бас дәрігер шектеу шараларын күшейтіп, тұрғындардың конституциялық құқығын бұзған. Яғни елдің жүріп-тұруы, еркін еңбек етуі мен балалардың білім алуына кедергі жасалған.
Сөйте тұра денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктер азаматтардың денсаулығын қорғау мен індетті жоюда атқарған істері мардымсыз. Ал шектеу шараларын бұзғандарға айыппұл салу жұмыссыз қалған жұртқа жығылған үстіне жұдырық болды дейді. Адвокаттардың сөзінше, бас санитар дәрігердің қаулысы түрлі заң мен ережеге кереғар. Оған дәлелдер де келтіргенін айтады. Бірақ сот істің ақ-қарасын зерттеуден қашып, күштінің ықпалына жығылды дейді.
Ирина Фурсова, адвокат:
- Алдымен судья бізді бұл істі жүргізуіне қарсылық білдіруге мәжбүрледі. Істі жүргізгісі келмегені білініп тұр. Бірақ біздің қарсылығымызды қарап шығып, өзінің сот процесінен шеттетілуін өзі қанағатандырмады. Өзімен өзі кеңесу бөлмесіне кетті, тараптардың қатысуынсыз, өзі шешім шығарды. Саяси астар барын біз де түсінеміз. Бірақ, ең болмаса жұмыс істеген сыңай танытса да болар еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!