{metadescription}
Татарстан президенті: Кінәлілер жазасын тартады
Татарстан президенті: Кінәлілер жазасын тартады

Татарстан президенті: Кінәлілер жазасын тартады

Қазандағы қырғын. Татарстан астанасындағы мектептердің бірінде үлкен атыс болды. Қару асынып кірген 19 жастағы студент білім ошағында оңды-солды оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша 9 адам қаза болған, олардың сегізі оқушылар. Тағы 20 шақты жараланған адам ауруханаға жеткізілген.

Оқиға таңертең Қазан қаласындағы № 175 мектепте болған. Нысанға баса- көктеп кірген 19 жастағы студент Ильназ Галявиев боп шықты. Оның қолынан қаза тапқандардың дені үшінші қабатта қалып қойған оқушылар екен. Кейбірі қандықол қылмыскерден қорыққандарынан үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетіп мерт болған. Қамауға алынған азғын сол мектептің түлегі боп шықты.

Ол Қазан қаласындағы бизнес институттан мемлекеттік емтихандарды тапсырмағаны үшін шығарылыпты. Тапаншаны сәуірдің соңында сатып алып, өз атына тіркегеніне қарағанда қылмысқа тыңғылықты дайындалған. Ал бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Ильназ Галявиев: «Адам кейпіндегі құдаймын, анадан тумағанмын. Әке-шешемнен бас тартамын. Адамзаттың көзін жою керек» - деп жазыпты. Қамауда отырған күдікті психо-неврологиялық сараптамадан өтуі тиіс. Қайғылы жағдайға қатысты ертең аза тұту күні жарияланды.

Рустам Минниханов, Татарстан президенті:

Бұл басымызға түскен үлкен қайғы. Елімізге орны толмас қаза. 8-сынып оқушылары, 4 ұл мен 3 қыз оққа ұшып қаза тапты. Кінәлілер жазасын тартады. Қазір 19 жастағы азамат қолға түсті. Қаза тапқан оқушылар мен жараланғандардың отбасына барынша көмек көрсетеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде