{metadescription}
Алматы әуежайы маңындағы жер телімін сатқандар сотталды
Алматы әуежайы маңындағы жер телімін сатқандар сотталды

Алматы әуежайы маңындағы жер телімін сатқандар сотталды

Алматы әуежайының маңындағы жер телімдерін саудаға салғандарға сот үкімі шықты. Бес экс-шенеунік пен риелтор түрлі жаза арқалады. Талғар ауданы жер қатынастары бөлімінің экс-басшылары Алтынбекұлы 3 жыл, ал Тұрысбеков 4 жылға сотталса, өзге экс-шенеуніктердің бас бостандығы шектелді.

Ал о бастан қамауда отырған риелтор Нұрайым Алданыш 2 жарым жылын түрмеде өткізеді. Алайда ол сол күйі тағылған айыппен келіспеді. Сотталушылардың жаза мерзімінің қысқаруына бес жыл бұрынғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылық септігін тигізген көрінеді. Алматы әуежайының маңындағы жер телімін саудаға салды деп айыпталғандарға қатысты сот жылға жуық жалғасты. Бүгін судья қылмыстық іске нүкте қойды. Бір сағат  бойы оқылған үкімге сәйкес, алты адамның үшеуі темір торға қамалды.

Талғар ауданының бес экс-шенеунігі мен риелтор «қызметін асыра пайдаланды және алаяқтық жасады» деп күдікке ілінген болатын. Бұған дейін «жаздық, жаңылдық» деп кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұраған бұрынғы шенеуніктердің екеуінің өтініші еш кетті. Енді жер қатынастары бөлімінің экс-басшылары Қайрат Алтынбекұлы 3 жылын, ал Рустам Тұрысбеков алдағы 4 жылын түрмеде өткізеді. 

Ілияс Мұхадиұлы, судья:

- Тұрысбековтің жазасын төрттен бірін қысқартып, 4 жыл 1 ай 15 күнге бос бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жеті жылға мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынады.

Алтынбекұлы да алты жылға мемлекеттік қызметтің маңайына жуымайды. Ал басы дауға қалған өзге әріптестері түрме табалдырығын аттамаса да, жазадан құтылмады. Талғардың экс-шенеуніктері Мәшімбаев, Қалыбеков пен Абуллаевтың 3 жылға бас бостандығы шектелді. Қылмыстық істе белсенді рөл атқарды деп айыпталған  риелтор Нұрайым Алданыш екі жарым жылға сотталды. Үкіммен келіспеген Алданыштың адвокаты алдағы күндері апелляциялық шағым түсірмек. Себебі, о басынан кінәсін мойындамаған сотталушы соңына дейін ешбір құжақта қол қоймадым деп ақталды.  

Жазамен келісесіз бе?

- Қазақстанның әділ сотының деңгейі осы. Ешбір дәлелсіз соттап жатыр. Кімнің ақшасы бар, солар бәрін «сатып» алды. Ақшасы барлар үйінде отыр.

Сотта қылмыстық істі ауырлататын және жеңілдететін жағдай қарастырылып, олардың кішкентай балаларының бары, шығынның өтелгені және кінәсін мойындап өкінгені есепке алынған көрінеді. Бір қызығы, сотталушылардың жаза мерзімінің қысқаруына бес жыл бұрынғы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған рақымшылық септігін тигізіпті. Сөйтсек, қылмыстың 2013-2014 жыл аралығында жасалғаны назарға іліккен.

Атышулы іс «Бек Эйр» компаниясының ұшағы Алматы әуежайының маңындағы үйге соғылып, апатқа ұшырағасын әшкереленген  еді. 2019 жылы болған қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тауып, 52 жолаушы жарақаттанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.