{metadescription}
Мұқтаждарға 130 келіден аса азық-түлік үлестірілді – «Елбасы жылуы»   
Мұқтаждарға 130 келіден аса азық-түлік үлестірілді – «Елбасы жылуы»   

Мұқтаждарға 130 келіден аса азық-түлік үлестірілді – «Елбасы жылуы»   

Елімізде «Елбасы жылуы» қайырымдылық шарасы аяқталды. Жоба аясында тұрмысы төмен көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылары мен соғыс ардагерлеріне тегін азық-түлік таратылды. Қасиетті айда Нұрсұлтан Назарбаев пен «Дегдар» қорлары еліміздің түкпір-түкпірін аралап, мұқтаж жанұялардың әрқайсысына 130 келіден асатын азық-түлік үлестірді. 

Екі апта бұрын азық-түлік тиелген көліктер еліміздің әр аймағына жол тартқан. Бүгін азық-түлік пен тұрмысқа қажет тауарларды үлестіріп бітті. Олардың мақсаты – карантин кезінде күн көрісі одан әрі күрделене түскен отбасыларға қол ұшын созу.

Алматыдан бастау алған «Елбасы жылуы» қайырымдылық шарасы Маңғыстау,Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, және Түркістан, Ақмола облыстарын түгел қамтып, 700-ге жуық отбасыға үлкен көлемдегі көмекті табыстады.

Ирина Катукова, «Доброе сердце» қоғамдық қорының директоры:

- Көкшетауда азық-түлік 90 отбасыға таратылды. Бізде бес жылдан бері көмекке зәру жандардың тізімі бар. Барлығы тексерілген. Сондай-ақ әкімдіктен тыл ардагерлерінің де есімі көрсетілген қағаз берілді. Барлығы риза. Тіпті мына заманда тегін таратылып жатқанын көрген олардың төбесі көкке жетіп отыр.

Карантин кезінде ардагерлер де елеусіз қалған жоқ. Қордан көмек алғанның бірі 105 жастағы тыл ардагері Күлшара Өмірәлиева. Ол мұндай қолдаудың өмірінде алғаш рет көрсетілгенін айтып қуанды.

Күлшара Өмірәлиева, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Көп рақмет! Бәрі аман болсын. Өмір жастары ұзақ болсын! Мені сыйлап әкелгендеріне рақмет деймін!  

Көмек алған  өзге ауыл-аймақтағы қарттар да бір жасап қалғанын жасырмады. Зейнеткерлерге шара аясында азық-түлік үйлеріне дейін тегін жеткізілді.

Төлеухан Әбілқасымов, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Мына жиналып тұрған халық осыған риза болуда. Мынандай қысылтаяң уақытта көрсетіліп жатқан жақсы көмек деп есептеймін. Елімізде тыныштық, береке,бірлік болсын!

Елбасының жылуы шалғайдағы елдімекендердегі тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға да көрсетілді. Оларға да 130 келіден асатын азық -түлік, тұрмыстық заттар үлестірілді. Онда қабымен ұн, күріш, қарақұмық, шай, қант, күнбағыс майы, жеміс пен гигиеналық құралдар бар. Акцияның шарапатын көрген жанның бірі Әмина Тұрғанбаева көп тұтынатын тауарлардан балаларына дәмді тамақ әзірлеп беретінін айтады.

Әмина Тұрғанбаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

- Күйеуім қайтыс болған. Осыдан төрт жарым жыл бұрын. Үш балам бар. Пәтерде тұрамын. Алла разы болсын сіздерге! Осы берген азық үш айға жетеді. Бұған пешке нан пісірем. Палау, вермишель, картоп әзірлеп беремін.

Қиын сәтте қарттарға қолдау білдіріп, көмекке мұқтаж отбасыларға шарапатын тигізген науқанға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» гуманитарлық қоры мұрындық болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде