{metadescription}
Шымкенттегі көне кітапхана қызметкерлері Түркістанға барудан бас тартты
Шымкенттегі көне кітапхана қызметкерлері Түркістанға барудан бас тартты

Шымкенттегі көне кітапхана қызметкерлері Түркістанға барудан бас тартты

Шымкенттегі ең көне кітапхана қызметкерлері Түркістанға баруға қарсы. 122 жылдық тарихы бар нысанды облыс орталығына көшірсе, 85 адам жұмыссыз қалып, оқырмандардың құнды кітаптарға қолы жетпей қалады екен.

Алмагүл Төлекенова, Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапхананың қызметкері:

- Отбасымызбен көшіп Түркістанға бара алмаймыз, түсінесіз бе? Айлығымыз 100 мың.  Барсаңдар өздерің пәтер жалдайсыңдар деді, біріншіден. Өздерің 100 мың ақшамен күн көресіңдер деді. Қалай тұрасың? Барлығымыздың тілегіміз – Пушкин кітапханасын Шымкентте қалдыруды өтінеміз.

Түркістанда 100 мың теңгеге тіпті пәтер жалдай алмайсың деген қызметкерлер кітапхананы көшірмеуді сұрайды. Себебі: Шымкенттегі жоғары оқу орындарының көпшілігі Пушкин кітапханасының оқулық қорын пайдаланады екен. Демек 250 мың кітап пен 10 мыңнан астам автореферат оқырмандарға қолжетімсіз болады дейді жиналғандар. Бұл аздай, көне кітапхананың Түркістанға кететінін естіген соң, мәселен, серіктес ретінде жұмыс істеп жатқан шетелдік институттар да бірге жұмыс істеуден бас тарта бастаған. Мәселен, қазірдің өзінде неміс орталығы байланысты үзсе, кітап және техникамен демеушілік жасап жүрген «Америка орталығы» әріптестікті тоқтатанын ескертіпті. Осыған дейін шымкенттік оқырмандар облыс пен қала басшыларына кітапхана өз орнында қалсын деген өтініш жазыпты. Қазір бұл ұсыныс жан-жақты қаралып жатқан көрінеді.

Шәрбану Дінасылова, Пушкин атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының директоры:

- Қолымда ешқандай қарар, қаулы жоқ. Бірақ үмітіміз бар. Өйткені бізбен сөйлескенде айтты, қала әкімі Мұрат Әйтенов бастаған әкімдік осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, Шымкент қаласында Пушкин кітапханасын Пушкин атымен алып қоюға әрекет жасап жатырмыз деді.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде