{metadescription}
Әселдің өліміне анасы күйеу баласын кінәлайды
Әселдің өліміне анасы күйеу баласын кінәлайды

Әселдің өліміне анасы күйеу баласын кінәлайды

Грузияда көз жұмған қазақстандық бойжеткеннің мәйіті ұшақпен Нұр-Сұлтанға жеткізіліп, бүгін бірден жер қойнына тапсырылды. Марқұмның денесін туған жеріне анасы алып келді. Әсел Айтбаева 26 жастағы қызының өліміне күйеу баласы Мұрат Мейірбековті кінәлайды.

Айсұлу Айтбаева, марқұмның анасы:

- Мен оның мәйітін алып келдім. Енді қызымды Грузияға алып кеткен Мұрат Мейірбековті депортациялауды сұраймын. Өйткені оқиға Грузияда болды. Бір жағынан ол осы Қазақстанда болған соң, тергеу тоқтатылуы мүмкін. Іс әрі қарай жалғасуы керек. Мен оған қызымды туысқаным болған соң сеніп тапсырдым.

Қызының мәйітін әуежайда қабылдап алған туысқандары көз жасына ерік беріп, анасы талып қалды. Қайғыдан қан жұтқан отбасы Әселдің әлі де өзіне қол жұмсағанына сенбейді.

Қазақстандық қыз сәуірдің аяғында Грузияға жұмысқа кетіп, бір аптадан соң сол жақта өлі күйінде табылды. Белгілісі, бойжеткеннің бойында зорлық-зомбылық іздері бар. Қылмыстық іске қатысы бар деген күдікпен грузиялық полицейлер 57 жастағы Бесик Тордуаны қамауға алған. Ал марқұмның жақындары Әселді тағы бірнеше адам зорлағанына сенімді. Оның ішінде әлгі туысқаны Мұрат Мейірбеков те бар дейді анасы. Әселге жұмыс тауып берген Мұрат қазір Қазақстанда, ол бізге сұхбат беруден бас тартты.

Мұрат Мейірбеков:

- Бар сұрақты полицияға қойыңыздар.

- Иә, бірақ не деп айта аласыз?

- Тергеу болып жатыр, сондықтан еш нәрсе айта алмаймын. Сау болыңыздар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде