Қордағы қаржы жыл басынан бері 300 миллиардқа азайған
Баспана мен басқа да мақсатқа зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдаланудың әсерінен қордағы қаржы жыл басынан бері 300 миллиард теңгеге азайған. Сәуірдің соңында 12 триллион 600 миллиардты құрап отыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.05.2021
Оны шешіп алушылардың жартысынан астамы Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы тұрғындары.
Осы күнге дейін 266 800 азамат зейнетақы жинағынан 1 триллион 300 миллиард теңге шешіп алыпты. Сәт сайын жинағының бір бөлігін алғысы келетіндер азайып келеді дейді Ұлттық банк өкілдері.
Ақпанда 643 миллиард теңге алынса, наурызда 302 миллиард, ал сәуірде 283 миллиард теңге шешілген. Оның ішінде 99,4 пайызы баспана мақсатына жұмсаған. Ем-домға пайдаланғандары 4 миллиард 700 миллион теңге, ал 3 миллиард 400 миллион теңге сенімді басқаруға берілген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!