{metadescription}
Азық-түлік бағасы жыл сайын неге өседі? Министрдің жауабы
Азық-түлік бағасы жыл сайын неге өседі? Министрдің жауабы

Азық-түлік бағасы жыл сайын неге өседі? Министрдің жауабы

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызды азық түрінің бағасы 4,8 пайызға өскен. Азықтың осы түрлері былтыр да қаңтар-сәуір аралығында 5 жарым пайызға көтерілген. Бір жылдан соң тағы сол шамада көтеріліп отыр.

Өңірлердің ішінде ең үлкен қымбатшылыққа 6,8 пайыз – Атырау облысында, 6,3 пайыз – Нұр-Сұлтан қаласында 5,6 пайыз – Шымкентте жол берілген. Бағаның ең төмен өсімі 4 пайыз – Алматы облысында, 4,3 пайыз – Қарағанды облысында және 4,4 пайыз – Қызылорда облысында тіркелді.

Ал қымбатшылыққа – импортқа тәуелділік себеп. Қант, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы сынды тауарлар сырттан келеді.

Маусымаралық кезеңде дәстүрлі қымбаттайтын көкөністер тағы бар. Бұған сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың жауабы дайын: «баға бізде ғана емес, бүкіл әлемде өсіп жатыр. Алғашқы төрт айда әлемде орташа көрсеткіш 11 жарым пайызға өскен. Ал көрші Ресейде біздегіден 2-3 есе жоғары. Қымбатшылықтан құтылудың бір жолы, министрдің сөзінше, ішкі нарықты отандық өніммен толтыру.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

Ішкі нарыққа әлемдік баға өсімінің әсерін азайту мақсатында нарықты отандық тауарлармен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша елдің өндірістік қуатын импортқа тәуелді 6 негізгі азық-түлік өнімдерімен ұлғайту және ішкі нарықтың отандық тауарлар есебінен қамтамасыз етілуін 2024 жылға қарай 100%-ке дейін жеткізу жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде