{metadescription}
Депутаттар мектепті кәрі-құртаңдар күзетеді деп ашынды
Депутаттар мектепті кәрі-құртаңдар күзетеді деп ашынды

Депутаттар мектепті кәрі-құртаңдар күзетеді деп ашынды

Қазандағы қайғылы жағдай барлығына сабақ болу керек. Жантүршігерлік оқиғадан соң, мәжілісмендер бүгін елдегі мектептердегі қауіпсіздік мәселесіне алаңдады. Депутаттар білім беру орындарына әркім бір кіріп-шығады, ең сорақысы, мектепті кәрі-құртаңдар күзетеді деп ашынды.

Андрей Линник, Мәжіліс депутаты:

- Мектептердегі қауіпсіздік қызметін көбіне зейнет жасындағы күзетшілер орындайды. Жаман ниеттегі адам күзетте егде кісі тұрса, баса-көктеп кіре алады, ал күзетші түк те істей алмайды. Осыған ұқсас сұрақ өте көп. Неліктен қазір мемлекеттік мекемелер әскерилендірілген күзетпен және бес метрлік қоршаумен қоршалмаған? Мектепке дейінгі балалар мекемелері және олардың аумақтары іс жүзінде әркім кіріп-шығатын өткел сияқты.

Сан сауал қойған депутаттар мектептердегі қауіпсіздік мәселесін Үкімет тағы бір қарап шығуы керек деген пікірде. Мәжілісмендер оқушылардың сыйымдылығына қарамастан, білім беру нысандарының терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талапты қайта қарауды талап етті. Депутаттық сауалдың жолданғаны сол еді, білім министрі әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық балалардың қауіпсіздігін сөз етті. Татарстандағы қанды қырғыннан білім министрі де сабақ алыпты. Аймағамбетовтың пікірінше, оқушылардың қауіпсіз білім алуы тек сандық қорғауда ғана жатқан жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде