Арыста жұмысшылар сасық иіске тұншығып өле жаздады
Арыс қаласында кәріз жүйесін тазаламақ болған екі жұмысшы сасық иіске тұншығып өле жаздады. Тереңдігі төрт метрлік құдыққа құлап кеткен оларға сол жерден өтіп бара жатқан азаматтар мен полицейлер дер кезінде көмек көрсетті.
Автор: Бек Әбиев
12.05.2021
Құтқару операциясы кезіндегі бұл кадрлар учаскелік полицейдің кеудесіндегі бейнетіркеуішке түсірілген. Құлағандардың біреуі тынысы тарылып сыртта отырса, қаумалаған жұрт екіншісін арқанмен шығарып жатыр.
Кәрізді тазалауға келген екеу терең құдыққа түсе бергенде, беліндегі жіп үзіліп кеткен. Құдықтың беткі жағына ілініп қалған біреуі тез шығарылса, түбіне түсіп кеткен екіншісін алып шығуға бес минуттай уақыт кетті. Тағы сәл жатып қалса, сол күйі өліп кетуі мүмкін еді дейді мамандар. Сасық иіске әбден тұншыққан екеу жергілікті ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!