Риддер: Күйіп қалған қос азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр
Риддердегі өртте тірідей жанып кеткен зейнеткердің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Қаралы жиынға марқұмның туған-туысы мен көрші-қолаң жиналды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
12.05.2021
Ал бір ажалдан аман қалған қос азамат әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Оңбай күйген оларды тұрғындардың бірі құтқарып қалған. Артынша жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіпті. Бірінің денесінің 40, екіншісінің 80 пайызын күйік шалған. 70 пен 41 жастағы науқастардың жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Беті бері қараса, екеуі де санавиациямен облыс орталығына жеткізіледі.
Константин Фоминых Риддер қаласы ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- 1949 жылы туған азаматтың денесіндегі күйік жарақаты ауыр. Сондықтан екеуін де Өскемен қаласына жібереуге шешім шығардық. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!