{metadescription}
Риддерден репортаж: Үйлерді қалпына келтіру үш айға созылуы мүмкін
Риддерден репортаж: Үйлерді қалпына келтіру үш айға созылуы мүмкін

Риддерден репортаж: Үйлерді қалпына келтіру үш айға созылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында алапат өртен үйін тастап қашқан тұрғындар баспанасына орала бастады. Ал бір сәтте дүние-мүлкінен айырылып далада қалғандар туыстары мен қонақ үйлерді паналауда. 

Қазір арнайы құрылған комиссия орман өртінен келген шығынды есептеп, жанып кеткен дүние-мүлікке тексеру жүргізуде.

Қызыл жалын құрсауында қалған ауылдан тілшіміздің репортажы. 

Бұл тілсіз жаудан кейінгі көрініс. Қарқын алған қызыл жалын 300 гектар алқаппен 32 баспананы жайпап өткен. Қазір мұнда күлге айналған дүние- мүлікті тазартып жатыр. Ал өрттен баспаналары аман қалған тұрғындар үйіне оралып жатыр.  

Баспанасы жанып кеткен тұрғындардың кейбірі туыстарын паналауда. Тек барар жері, басар тауы қалмаған 13 отбасы қонақ үйге орналасқан.  Солардың бірі – Владимир Тюменцев. Бір сәтте далада қалған зейнеткер алапат оттың ортасынан аман шыққанына шүкір дейді.   

Владимир Тюменцев, Риддер қаласының тұрғыны:

-Екі минутта түгел жанып кетті. Әрең шықтық. Түк қалған жоқ. Қалай аман қалғанымызды білмейміз. Бәріне рақмет!  

Қызыл жалын орман ағашынан бөлек, жұрттың дүние-мүлкін де жалмаған. Тіпті кейбірінің баспанасымен қоса, далада тұрған көлігі де жанып кеткен.

Бұл табиғи апаттан қанша шығын келгенін енді арнайы комиссия анықтайды. Тек содан кейін ғана зардап шеккен ауыл тұрғындарының бүлінген заттарын толық өтеп береміз дейді атқамінерлер.

Дмитрий Горьковой, Риддер қаласының әкімі:

Бұл жер осылай қалмайды. Бәрін қалпына келтіреміз. Комиссия жұмысынан кейін шығын есептеліп, өтемақы  төленеді.

Баспанасы мен дүние- мүлкі жанып кеткендерге қосымша көмек ретінде 1 миллион теңгеден беріледі. Бірақ олар тамыз айының соңына дейін туыстары мен қонақүйді паналауға мәжбүр. Өйткені күлге айналған баспаналарды қайта қалпына келтіру үш айға созылуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде