{metadescription}
Сенген қойын сатып жіберген – Түркістан облысы
Сенген қойын сатып жіберген – Түркістан облысы

Сенген қойын сатып жіберген – Түркістан облысы

Түркістан облысында жалдамалы малшы өзгенің сеніп тапсырған 155 бас қойын сатып жіберген. Бір отарды ұсақ малды сатуға үш ай уақыт жеткілікті болған. Төрт түлігінің азайып кеткенін қой иесі кездейсоқ біліп қалған.

Жайылымдағы малына екпе салдыруға барған азамат өзіне тиесілі аша тұяқтының жетіспейтінін байқап, бірден полицияға шағым түсірген. Сөйтсе қойшы өзіне сеніп тапсырылған малдың  күніне үш-төртеуін орта есеппен 40 мың теңгеден сатып отырған екен. Оңай жолмен түскен 6 миллион теңгені қажеттіне жаратқан. Қазір қылмысын толық мойындаған қойшыға қатысты «бөтеннің мүлкін ысырап ету» бабымен іс қозғалды. Мал басын көбейтуді емес, қарақан басын күйттеген малшының ендігі тағдырын сот шешеді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде