Шай ішуге келген көршісін оқтаумен ұрып өлтірді – Көкшетау
Шай ішуге келген көршісін ұрып өлтірген. Көкшетауда 53 жастағы азаматты оқтаумен ұрып о дүниеге аттандырған күдікті ұсталды. Ол жазадан жалтару үшін марқұмның мүрдесін жатын бөлмеден тауып алдым деп полицияға өзі хабар беріпті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
13.05.2021
- Санағам жоқ, айттым ғой, үш рет бетінен ұрдым, тіземмен 4-5 рет.
- Тізеңмен қай жерінен ұрдыңыз?
- Бет тұсынан, кеудесінен. Құлап қалды.
Әу баста полицияға хабар берген бұл азамат көршісі кешқұрым дене жарақатымен келгенін айтқан. Ұйықтап тұрып, жатын бөлмеден өліп қалғанын көрдім деп өзіне шаң жуытпаған. Үйін тінткендекереуеттің астынан полиция қанға боялған ағаш оқтау тауып алды. Ал үстел үстіндегі бос шөлмекке қарап, екеуі бірге ішімдік ішкен деген болжам айтылуда. Тәртіп сақшылары марқұмның денесінде сау тамтығы қалмаған дейді. Оны күдікті әбден тепкілеп, оқтаумен өлімші етіп сабап тастағанын мойындады.
Ерлан Қасым, Ақмола облысы ПД бастығының орынбасары:
- Тергеуде ол азаматтың өзі күдікке ілікті. Өзара жанжал туып, көршісін ұрып өлтірген соң барып ұйықтап қалған. Кінәсін толық мойындады. Қазір «адам өлтіру»бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша қамау абақтысына жабылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!