{metadescription}
Хадисте айт күндері көңілді жүру керек делінген
Хадисте айт күндері көңілді жүру керек делінген

Хадисте айт күндері көңілді жүру керек делінген

Отыз күн Ораза ұстаған мұсылман жамағатына енді алдағы үш күн қатарынан мереке. Ал Айт намазы карантин талаптарына сәйкес, мешіттердің тек аулаларында оқылып, арақашықтықты сақтауға баса мән беріледі.

Былтыр карантин талаптарына байланысты Ораза айт намазы да, Құрбан айт намазы да бұлай жамағатпен оқылмаған. Биыл жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен елімізде Ораза айт намазын мешіттердің аулаларында оқуға рұқсат етілді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да елордадағы Әзірет Сұлтан мешітінде елмен бірге сапқа тұрды. Пайғамбардан қалған хадисте мұсылман баласы айт күндері көңілді жүруі керегі айтылған. Әрі бір-біріне сәлем беріп, жақсы тілек тілеп, сый беруге тиіс.

Тағы бір хадисте мұсылман мұсылманның жүзіне күліп қараса, оның өзі садақа делінген. Бұлар сүннет амалы саналады.

Айтты мерекелеуге қатысты мас мүфти жұртты жергілікті санитар дәрігерлердің талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Наурызбай қажы Тағанұлы, Бас мүфти:

- Халқымызды, елімізді қазір жергілікті жерлердегі санитарлық дәрігерлер бар, олардың қойған талабы бар, соны қатаң сақтауға шақырамыз. Өйткені індеттің қарасы бізде толық жойылып кеткен жоқ. Сондықтан, құрметті ағайын, айт күні көңілді жүрейік және тәртіпке бағынуды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде